«КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АЙАРУ А» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ»
Қош келдіңіздер!
«Айару А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Біздің сайт — балабақшамыздың тыныс-тіршілігімен танысуға, соңғы жаңалықтар мен маңызды ақпараттарды білуге, ата-аналарға арналған пайдалы кеңестерді алуға және мекеме қызметі туралы қажетті мәліметтермен танысуға мүмкіндік беретін ақпараттық алаң.
Біз үшін әр баланың қауіпсіздігі, денсаулығы, жан-жақты дамуы және бақытты балалық шағы — басты құндылық. Балабақша ұжымы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білімге деген қызығушылығын арттыруға және достық пен мейірімділікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі.
Сайт беттерінен балабақша жаңалықтары, іс-шаралар, тәрбиеленушілердің жетістіктері, ата-аналарға арналған пайдалы ақпарат, ашық бюджет және басқа да маңызды мәліметтермен таныса аласыздар.
Біздің мақсатымыз — ата-аналармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, балаларға қолайлы, қауіпсіз және жылы орта қалыптастыру.
Бала — біздің болашағымыз! Олардың әрбір қуанышы мен жетістігі — біздің ортақ мақтанышымыз.
Құрметпен,
Көкшетау қаласының «Айару А» ЖШС меңгерушісі
Садырова Аягоз Утигеновна